Хабарландырулар
2019-11-25

Тұрақтандыру қоры

Толық ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 «Азық түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, “Shymkent” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” (әрі қарай-Қоғам) Шымкент қаласының ауыл шаруашылық өнім нарығын реттеу ықпал жасау және азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қорының бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған арнайы ұйым.

Қоғам азық-түлік таурларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссиясының 11.11.2019 ж. шешіміне сәйкес бөлке нан бағасын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қоры арқылы наубайханаларды қамтамасыз ету мақсатында жалпы көлемі 829 702,75 кг құрайтын бірінші сұрыпты ұн сатып алды.