Хабарландырулар
2019-05-23

Шымкентте алғаш рет Азиялық Триатлон Кубогы өтеді

Толық ақпарат

▪️Бірінші күні кәсіби спортшылар арасында турнир өтеді
-Жайлаукөл паркі
-25 мамыр, сағат 9:00
Жарысқа 34 ер адам мен 11 әйел атлеттер қатысады деп күтілуде. Олар Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, АҚШ, Франция, Иордания, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан мен Қазақстаннан келеді. Марапаттау рәсімі Наурыз алаңында сағат 12.40-та өтеді.
▪️Екінші күні әуесқой атлеттер арасында триатлоннан ұлттық турнир өтеді
-Жайлаукөл паркі
-26 мамыр, сағат 9:00
Жеке есепте 77 атлет пен 2 эстафеталық команда күтілуде. Марапаттау рәсімі сағат 14.00-де Наурыз алаңында өтеді. Одан кейін жергілікті әншілер қатысуымен концерт өтеді.