Хабарландырулар
2020-05-14

"Тұран" шағын ауданындағы "New City" тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сату басталады

Толық ақпарат

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан «7-20-25» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы, «Тұран» мөлтекауданындағы «New City»тұрғын үйкешенініңқұрылыс жұмыстарын (Бәйдібек би даңғылы, «Екі жұлдыз» салтанат сарайына қарама-қарсы орналасқан тоғыз қабатты 8 тұрғын үйдің) 2020 жылдың 30 маусым айына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Бағдарлама аясында тұрғын үйлерден пәтер алуға ниет танытқан қала тұрғындары екінші деңгейлі банктерге өтінім беріп, қажетті құжаттамаларын ұсынып, банктен келісім беру (мақұлдау) анықтамасын алып, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на ұсыну қажет.

1 бөлмелі пәтерлердің ауданы 41,36 ш.м.

2 бөлмелі пәтердің ауданы 63,73-64,71 ш.м.

3 бөлмелі пәтердің ауданы 75,44-81,99 ш.м.

Бұл тұрғын үйлердің пәтерлерінің 1 ш.м. құны қабаттылығына қарай 225,0-250,0 мың теңге аралығында.

КеңестердіШымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 126/1, «Қайнар» бизнес орталығында орналасқан «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-нан алуға болады.

Қосымша мәлімет: 39-20-22, 8-700-722-28-03.