Хабарландырулар
2020-05-12

ХАБАРЛАНДЫРУ "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның көше саудасы және/немесе қызметтері объектілерін орналастыруға арналған жер участкелерін сенімгерлік басқаруға беру үшін конкурс өткізізілетіні туралы

Толық ақпарат

Конкурсты ұйымдастырушы: "Shymkent" ӘКК " АҚ-ы.

Орналасқан жері: Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 126/1, "Қайнар" бизнес орталығы, 1-қабат.

Байланыс телефондары: 8 - (7252) –39 11 77.

Конкурс нысанасы: көше саудасы және/немесе қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру.

Жер учаскенің 1 квадрат метрінің жылдық сенімгерлік басқаруға берілетін сыйақының бастапқы бағасы -20 703 теңге.

Конкурс шарттары: Көше саудасы және/немесе қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін "Shymkent "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру туралы Ережелерінің талаптарына сәйкес микро, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Жер учаскесінің сенімгерлік басқару мерзімі: 7 лет.

Конкурс үлгісі: ашық конкурс.

Конкурс қатысушылармен жобалары таныстырылуы мақсатында конкурс өткізілетін орын проектормен жабдықталады (бизнес-жоба және эскиздік жобалардың презентецияларын көрсету мүмкіндігі үшін).

Өтінім беру орны: Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінім мен құжаттарды мына мекен-жайы Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы 126/1, "Қайнар" БО бойынша немесе "Shymkent "ӘКК" АҚ open.spk.kz ресми сайтында онлайн түрінде ұсынады.

Карантиндік режим кезінде өтінімдерді қабылдау онлайн режимде жүзеге асырылады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 жылдың 12 мамырынан 2020 жылдың 26 мамырына дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді өткізудің аяқталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы 26 мамыр, 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Қосымша: