Хабарландырулар
2018-11-05

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату

Толық ақпарат

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» №103 бұйрығына сәйкес, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Beles» индустриялды және аграрлы-индустриялды аймақтардың, көліктік-логистикалық орталықтардың басқарушы компаниясы» ЖШС-ні құруы жоспарлауда.

Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорынды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, жария тыңдауларды өткізу үшін 2018 жылдың 5 желтоқсанға дейін «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Шымкент қ., Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 126/1, «Қайнар» бизнес орталығы, 6 қабат адресіне ұсыныстарыңызды жолдауыңызды сұраймыз.

Байланыс тұлға: Абылов Кадыржан Абдукаримович

Тел.+7/7252/ 392 022