Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры

Жобаның мақсаты:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетігі арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің айналымына қарыз қаражаттар беру арқылы бағаларды тұрақтандыру.

Әкім қаулысы

Қолданыстағы жоба

Жобаның атауы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры

Жобаның мерзімі

тұрақты

Қазіргі жағдайы

Комиссия шешімі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қарыз қаражат беруге кәсіпкерлік субъектілері анықталды.

Мемлекеттік қолдау

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан 2,2 млрд теңге қаржыландырылды.

Жоба қатысушылары

“GraMad” гипермаркеті

“TURAR (ТУРАР)” ЖШС

Атқарылған жұмыстар

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған қалыпты нан бағасын тұрақтандыру мақсатында наубайханаларды бірінші сұрыпты бидай ұнымен қамтамасыз етуге жалпы көлемі 829,7 тонна құрайтын бидай ұны сатып алынып, толығымен сатылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) бағасын тұрақтандыру тетігі арқылы "GraMad" сауда желісіне 12 ай мерзімге қарыз қаражаттар берілген.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының "GraMad" сауда желісі арқылы сату бағаларының шекті мәндері:

картоп - 75 теңге;

сәбіз - 71 теңге;

қырыққабат - 71 теңге;

пияз - 52 теңге.


Жауапты тұлға:Тастанов Дархан

Тел: 8 705 396 10 10

E-mail: d.tastanov1707@gmail.com