Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы - Бизнес-супермаркет

Жобаның мақсаты:

Бизнес супермаркет инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін Шымкент қаласында бизнесті жүргізу бойынша консультациялық қызметтерді қамтамасыз ету, рұқсат беру және келісу құжаттарын талап ететін мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардан түрлі рұқсаттар мен келісімдерді алу, шағын және орта бизнесті қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары туралы ақпараттандыру, преференциялар беру, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде көші-қон және әлеуметтік мәселелерді шешу бөлігінде "бірыңғай терезе" рөлін атқарады.

Жоба

Инвесторларға арналған фронт офис

Жобаның мерзімі

Тұрақты

Ағымдағы жағдайы

Шымкент қаласында инвесторлар үшін кеңес беру және мемлекеттік және өзге де қызметтерді сүйемелдеумен және ұсынумен жәрдем көрсету

Мемлекеттік қолдау

Инвесторларға тегін қызмет көрсету

Жобаға қатысушылар

Инвестициялық жобалар - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында жасалған, өрістеткен және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын ұлғайту және (немесе) жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені

Инвесторлар үшін фронт офис функциялары

1. Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
2. Инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастыру, Инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізу, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;
3. Қаланың қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде қаланың инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
4. Инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтарды іске асыру мониторингін жүргізу;
5. Шымкент қаласының аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалардың бақылау жұмыстарын жүргізу;
6. Мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде "жалғыз терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;
7. Инвесторлардың туындаған мәселелерін шешуге, оның ішінде құрылтай құжаттарына сәйкес қолда бар өкілеттіктер шегінде орталық мемлекеттік органдармен және ұйымдармен кездесулерге бастамашылық жасау жолымен жәрдемдесу.


Жауапты тұлға:

Естемесова Дана

Tel.: 8 707 255 60 02

E-mail: d.estemessova@gmail.com