Құрметті Шымкенттіктер,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында атап өткендей, бүгінде мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі - адамның даму мәселесі, сонымен қатар қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. Ақпараттық технологиялар осыған үлкен мүмкіндіктерді ашады. Краудсорсинг - басқа сөзбен айтқанда «ұжымдық ақыл», көптеген адамдардың қатысуымен мәселелерді шешуінің әдісі. Шымкентке осы әдіс жаңа болғанымен, ол бүкіл әлем бойынша табысты болды. Менің ойынша, әрбір азаматтың пікірін ескере отырып, біздің қаламыздағы кең жобаларды іске асыруға болады. Сіздің идеяларыңыз және біздің жұмысымыз Шымкентке барынша пайда әкеледі. Қатысуға шақырамыз.
«Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Р. Аюпов