Каттабеков Ерлан Нұрланұлы
Каттабеков Ерлан Нурланович 1989 жылғы 12 шілде күні дүниеге келген.
Білімі:
2010 жылы – Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының бизнес экономикасы және мемлекеттік саясат экономикасы, экономика бакалавры (КИМЭП);
2014 жылы – Қазақ экономика, Қаржы және халықаралық сауда университетінің экономикалық ғылымдары магистрі.
Еңбек жолы:
2010-2012жж.- «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ «Қазақстан Темір жолы» АҚ ҰК маркетинг және өткізу бөлімінің маркетинг жөніндегі маманы, Астана қаласы;
2012ж.- «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ инвестицилық жобалар департаментінің бас эксперті, Өскемен қаласы;
2012-2013жж.- Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының іс қағаздар жүргізу жөнінде инспекторы, Өскемен қаласы;
2013ж.- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы қаржы бөлімі бюджеттің орындалуы бойынша есеп және әлеуметтік сала шығындарының мониторингі секторы бас маманының міндетін атқарушы. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы қаржы бөлімі бюджеттің орындалуы бойынша есеп және әлеуметтік сала шығындарының мониторингі секторының бас маманы. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы;
2013-2014жж.- Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы;
2014-2015жж.- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшылығы Хатшылғының бас сарапшысы, Астана қаласы;
2015-2017жж.- Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі, Ақтөбе қаласы;
2017-2019жж.- Ақтөбе облысы әкімнің аппараты басшысының орынбасары;
2019ж.- «Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы;
2019ж.- «Shymkent» ӘКҚ» АҚ аппарат басшысы;
2019-2020жж.- Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің орынбасары.