«Shymkent» ӘКК» АҚ қызметкерлері

Баспасөз хатшысы
Диана
Мирсиева
Диана Мирсиева
Диана Мирсиева
Баспасөз хатшысы
Мирсиева Диана Руслановна 1993 жылы 27 қыркүйек күні Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі: • 2015 жылы - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді; • 2017 жылы - «Құқықтану» мамандығы бойынша «Мирас» университетін бітірді Еңбек жолы: • 2015-2016жж.- М.Әуезов атындағы ОҚМУ Жастар орталығының бас маманы; • 2016ж.- Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің нұсқаушысы; • 2016ж.- Шымкент қаласының Әл-Фараби аудан әкімдігінің мәдени-ағарту бөлімінің бас маманы; • 2016-2019жж.- Шымкент қаласының ішкі саясат және дән істері басқармасының үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы; • 2016-2019 жж. - Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы; • 2018–2019 жж. - «Elitar» ақпараттық порталының тележүргізүші және өкілі; • 2019 жылдың тамыз айынан бастап - «Shymkent» ӘКК» Акционерлік қоғамның баспасөз хатшысы. «Shymkent» ӘКК ішкі және сыртқы коммуникацияларды дамытуға жауапты.
Корпоративтік хатшысы
Мырзатаев
Шалқар
Мырзатаев Шалқар
Мырзатаев Шалқар
Корпоративтік хатшысы
Мырзатаев Шалқар Бауыржанұлы еңбек жолын жеке бизнестен бастады, кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық теміржол компаниясына жұмысқа ауысты. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында жұмыс істеді, содан кейін Алматы әкімдігінде мемлекеттік қызметке ауысты. Алматы қаласы әкімінің аппаратында және ішкі саясат басқармасында жоғары лауазымдарда жұмыс істеді. Әрі қарай еңбек жолын Шымкент қаласының әкімдігінде әкім аппараты басшысының орынбасары ретінде жалғастырды.
Департаменттер
Сәкен
Ахметов
Цифрландыру департаментінің директоры
Сәкен Ахметов
Сәкен Ахметов
Цифрландыру департаментінің директоры
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Басқару жүйелерін автоматтандыру және ақпараттандыру» мамандығы бойынша бітірді, сондай-ақ Warwick университетінде «Халықаралық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2006 жылы «Кселл» ЖШС жүйелік администраторы ретінде бастады. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жобалық менеджері, «Қазақстан ГИС орталығы» АҚ жобаларды басқару бөлімінің басшысы, «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының» жобаларды атқарушы және «Инкай» ЖШС-нің бизнесті басқару менеджері болды. «Shymkent» ӘКК цифрландыру саласындағы үздік әлемдік тәжірибені зерделеуге және қолдануға, сондай-ақ қалалық басқару жүйесіндегі жасанды интеллект пен нейрондық желілер жобаларын іске асыруға жауапты.
Бибізухра
Нұрсұлтанова
Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры
Бибізухра Нұрсұлтанова
Бибізухра Нұрсұлтанова
Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірді. Халықаралық қаржы есептілігінің Dip IFR Russia Certificate АССА сертификаты бар. Бухгалтерлік есеп саласында 25 жылдан астам жұмыс істеді. Еңбек жолын 1992 жылы «Фармация» компаниясында жетекші бухгалтері ретінде бастады. «Дәулет» ЖШС, «Дархан шыны зауыты», «Шымкент Күрделі Құрылыс» және басқа да құрылымдардың бас бухгалтері болып істеген, сондай-ақ «Шымкент Әуежай» АҚ Қаржы департаментінің бастығы болған.
Александр
Демидов
Қаржы және бюджеттеу департаментінің директоры
Александр Демидов
Александр Демидов
Қаржы және бюджеттеу департаментінің директоры

1952 жылы туылған.

Қазақ химия-технологиялық институтын «инженер» мамандығы бойынша бітірді,

Оңтүстік-Қазақстан Техникалық Университетін «халықаралық экономикалық қатынастар экономист» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1974 жылы Чимкент қаласында автокөлік жөндеу зауытында техникалық бөлімінде инженер-конструктор ретінде бастаған. Қалалық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-нұсқаушы бөлімінің меңгерушісі, партия қалалық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің бастығының орынбасары, қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты болған. ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті директорының орынбасары, ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап «Shymkent» ӘКК» АҚ-на келгенге дейін «Оңтүстік» және «Шымкент» ӘКК-ның бас менеджері, кейіннен экономика және қаржы жоспарлау бөлімінің директоры болды.

Алибжан
Ибрагимов
Құрылыс департаментінің директоры
Әлия
Байназарова
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры
Әлия Байназарова
Әлия Байназарова
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры

Әділет заң мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1998 жылы жеке заң бөлімінде адвокаттың көмекшісі ретінде бастады. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің заң бөлімінің бас маманы қызметін атқарған, Қазақстанның көптеген сақтандыру компанияларының заңгері болған, соның ішінде «Amanat Insurance», «Альянс Полис» және «Standart».

Зауре
Арысланова
Адам Ресурстарын Басқару Департаментінің директоры
Зауре Арысланова
Зауре Арысланова
Адам Ресурстарын Басқару Департаментінің директоры

2000 жылы шетел филологиясы (араб және ағылшын тілдері) мамандығы бойынша Шығыстану институтын аяқтады. 2009 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қаржы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің роман-герман тілдері кафедрасында ағылшын тілінің мұғалімі болып бастады, сонымен қатар осы білім беру орталығының Кадрлар қызметі бөлімінде жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Цеснабанк» АҚ Оңтүстік-Қазақстан филиалында кадрларды басқару секторының маманы / жетекші маман / бас маман / меңгеруші қызметтерін атқарды.

Талғат
Қасымбеков
Индустриалды аймақтарды басқару бойынша «Shymkent» ӘКК филиалының директоры
Талғат Қасымбеков
Талғат Қасымбеков
Индустриалды аймақтарды басқару бойынша «Shymkent» ӘКК филиалының директоры
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Инженер-электрик» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1991 жылы «Агропромэнерго» Алматы облыстық бірлестігінде электрик болып бастады. Жылдар бойы «Ақ-Жол» жеке компаниясында менеджер болып, Алматы жылу техникасы зауытының жобалаушы инженері, ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық бөлімінің энергетика бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Шымкент қаласының энергетикалық мониторинг және коммуникациялар бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары болған.
Бахытбек
Байсалов
Активтерді басқару жөніндегі департаментінің директоры
Әлі
Бауыржан
Дүйсебайұлы
Инвестиция және инвесторлармен жұмыс жасау департаментінің басшысы
Алпамысұлы
Нұрмұхамед
Жобалық офистің басшысы