Жаңалықтар
2019-09-02

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл «Оңтүстік» және "Тассай" индустриалды аймақтарының жұмыстарымен танысты

Толық ақпарат

2019 жылғы 28 тамыз күні Бақытбек Смағұл «Shymkent Temir», «ЕвроКристал» және «БОЛАШАҚзауыттарын аралады.

Индустриалды аймақта мәжіліс депутаты «Shymkent Temir» ЖШС-нің өндіріс барысымен танысты. Бұл өндіріс оңтүстік аймақта 40 тонналық индукциялық пештер мен үш тізбекті үздіксіз құю машинасын қолдана отырып, үздіксіз құйылған квадрат дайындамаларын шығаратын алғашқы кәсіпорын. Болаттан жасалған дайындамалар одан әрі өңдеуге дайын, олар металлургияда кез-келген бұйым түрін (фитингтер, металл конструкциялары және металл бөліктері) жасауға мүмкіндік береді. Зауыттың өнімі Өзбекстан мен Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Сондай-ақ, Бақытбек Смағұл «ЕвроКристал» ЖШС-нің контейнер әйнегін шығаратын зауытының жұмысымен танысты. «ЕвроКристал» зауыты - 200 мл-ден 2 литрге дейін түссіз және түрлі-түсті әйнектерден тұратын тамақ өнеркәсібіне арналған әртүрлі ассортименттегі жоғары сапалы шыны ыдыстар шығаратын заманауи зауыт. Зауыт өнімдері экологиялық таза және жоғары су-химиялық төзімділікпен, едәуір беріктігімен және мінсіз геометриясымен ерекшеленеді. Бүгінде зауытта 150 адам жұмыс атқаруда.

Депутат алкогольсіз сусындар шығаратын «БОЛАШАҚ 7» ЖШС кәсіпорнында болды. Кәсіпорында күніне 60 мың литрге дейін шырындар, су және энергетикалық сусындар шығарылады. Өнімнің 10% -ы Қырғызстан мен Өзбекстанға экспортталады.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл өнім сапасы барлық заманауи талаптарға жауап беретіндігін және стандарттарға сәйкес келетінін атап өтті.