Жаңалықтар
2020-02-12

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин "Оңтүстік" АЭА мен тігін және жіп иіру тоқыма фабрикаларын аралады.

Толық ақпарат

Кездесу Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасы А. Әріпханов, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Е. Сәкішев, "Alliance Textile" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы И. Эгамбердиев, "Alliance "ТКК" ЖШС директоры З. Омарқұлов, "Karlscrona LC AB" ЖШС Бас директоры У. Ахметов, "Оңтүстік "АЭА" АҚ Басқарма Төрағасы Н. Дүйсенов және "Shymkent "ӘКК" АҚ Басқарма Төрағасы Н. Өмірсерікұлы қатысуымен өтті.

Оңтүстік АЭА аралау кезінде Үкімет басшысына 1700-ден аса жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 58,8 млрд теңге болатын, қазір іске асырылып жатқан 23 жоба туралы баяндалды. Ірі перспективалы жобалардың бірі ретінде 2020-2025 жылдары салынатын сорғылау жабдықтары мен құбыр арматурасын өндіретін зауыт құрылысы таныстырылды. Жобаның құны — 26,5 млрд теңге, 1500 жұмыс орны құрылады.

Премьер-Министр ұзақ жылдардан бері жұмысы тоқтап қалған тігін және жіп иіру тоқыма фабрикаларына барып, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның оларды іске қосу және Қазақстанның тоқыма кластерін одан әрі дамыту жобаларымен танысты. Кәсіпорындарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 800-ге жуық жаңа жұмыс орны мен Қазақстанда өңделетін мақта көлемінің екі есе өсімін қамтамасыз етеді.

ҚР Премьер-Министрі А. Маминге "Karlscrona LC AB" ЖШС Бас директоры Ахметов Уәлихан "Karlscrona LC AB" жобасын таныстырды, сондай-ақ компанияның шығарылатын өнімдері көрсетілді.