Жаңалықтар
2020-02-14

​БИЗНЕСТІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖОҒАРЫ СЕНІМІ

Толық ақпарат


Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өзекті мәселе болып табылады, сондықтан инвесторларды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен арылту маңызды.

Осыған байланысты, "Protecting Business and Investmens" жобасы аясында "Shymkent" ӘКК Басқарма Төрағасының төрағалығымен Н.Өмірсерікұлының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті.

Іс-шараға кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы С.Компаниец, кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д.Дармен, «Kazakh Invest» АҚ қалалық филиалының директоры И.Капайлов, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты.

Өңірлік инвесторларымен кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, А.Жұмағали инвесторларды шенеуніктер тарапынан заңсыз көріністерге қарсы іс-қимылда бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Өзіне бизнесті ашық жүргізу жөнінде міндеттемелер алуды және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік саясатына бейілділікті білдіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылу инвестор үшін жалғыз шарт болып табылады.

Бизнестің маңызды мәселелерін талқылаудан бөлек, іс-шара барысында 4 млрд.теңгеден астам сомаға 4 инвесторлармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімдер жасалды.

Бүгін қалалық Департамент жалпы сомасы 59 млрд. теңгені құрайтын 30 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Жалпы Қазақстан бойынша 12 трлн. астам сомаға отандық және шетелдік инвесторлардың 412 жобасы сүйемелдеумен қамтылған, оның 1/3 шетелдік инвестициялар құрайды.