«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы Водопьянов көшесі №1а үйдің құрылыс барысымен танысты.
Бауыржан Байбек Шымкентке жұмыс сапары барысында маусым айында 40-тан астам отбасы тұратын Водопьянов көшесіндегі өртеніп жатқан көп пәтерлі үйдің тұрғындарымен кездесті.
Үйдегі пәтерлер саны-85. Нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарлануда.
Водопьянов көшесіндегі үй "Shymkent "ӘКК" Акционерлік қоғамы және "Отау Строй" ЖШС-мен бірлесіп салынып, "Nur Otan" партиясының партиялық бақылауында тұр.