Жаңалықтар
2019-04-01

2019 жылы Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы бойынша көп қабатты 24 үй салынады

Толық ақпарат

2019 жылы Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы бойынша көп қабатты 24 үй салынады

«Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Шымкентте «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуына қатысады. Биылғы жылы 64 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бағдарламаға қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-нан 10 млрд. теңге сомаға несие алды. Осылайша, бірінші үй осы күзде дайын болса, ал үйдің әр шаршы метрінің бағасы 200-мыңнан 220 мың теңге аралығында болады.
Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан құрылыстар:
- жалпы ауданы 30406 шаршы метрді құрайтын Тұран ықшамауданында орналасқан көп қабатты 8 үй. Пәтерлер саны - 476. Пайдалануға беру мерзімі 2019 жылдың қараша айы. Құрылысты жүргізуші – «БекСтройСервис» компаниясы.
- жалпы ауданы 17 977 шаршы метрді құрайтын «Асар-2» ықшамауданында бес қабатты 10 үй. Пәтерлердің саны - 300. Пайдалануға беру мерзімі 2019 жылдың қазан айы. Құрылысты жүргізуші - «Ақ Орда» корпорациясы.
- жалпы ауданы 14 875 шаршы метрді құрайтын Қаратау ауданындағы бес қабатты 6 үй. Пәтерлер саны - 240. Құрылысты жүргізуші - «АрхПроект – 1».
Ал 2019 жылдың мамыр айында Шымкентте «Бірыңғай сату орталығын» ашу жоспарланып отыр, осы орталық арқылы кез-келген азамат «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға өтінім бере алады.