Жаңалықтар
2020-06-04

«SHYMKENT» ӘКК» АҚ АРҚЫЛЫ КӨП ҚАБАТТЫ 44 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Толық ақпарат

Еліміздің үшінші мегаполисіндегі «Shymkent» ӘКК» АҚ-мен жалпы ауданы 146 мың шаршы метрден астам 44 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы аясында 24 үй, ондағы пәтер саны 1016, ал бюджет қаржысымен жалпы пәтер саны 1213 болатын 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп отыр. Бұдан бөлек көпқабатты тұрғын үйлерге жапсарласып, әлеуметтік, тұрмыстық, сауда-саттық және ойын-сауық орталықтары да салынады.

Тұрғын үйлер Тұран, Асар-2, Шымкент сити, Шығыс шағынаудандары мен әкімшілік-іскерлік орталығында және Водопьянова көшесінде салынуда. Бұл тұрғын үйлердің 24-і маусым айының соңында пайдалануға берілсе, 17-і жылдың соңына қарай тапсырылады. Қалған үш тұрғын үй келер жылға өтпелі.

Бұл пәтерлердің 1 шаршы метрі 225 000-250 000 теңге аралығында сатылмақ. Таңдаған пәтер құнының 20 пайызы болса, қалған қаржыны банк арқылы «7-20-25» бағдарламасымен 7 пайызға, 25 жылға дейін рәсімдеуге болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі