Жаңалықтар
2019-04-16

Шымкентте Бизнес-супермаркет және электронды коммерция орталығы ашылды

Толық ақпарат

Бизнес-Супермаркет кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін қызметтерді электрондық форматқа көшіреді және оларды "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Қызметтер инвесторлар үшін де, жұмыс істеп тұрған және жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін де көрсетілетін болады. "Бизнес-Супермаркет" жобасының республикада теңдесі жоқ. Мұндай форматтың артықшылығы неде? Ол бірнеше даму институттарының күшін біріктіреді. Олар "Даму "КДҚ" АҚ өңірлік филиалы, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, "Shymkent "ӘКК" АҚ және әкімдік басқармалары. Бұдан басқа, CRM жүйесі әзірленуде, ол бюрократиялық кедергілерді, өтінімдер мен ұсыныстарды қарау мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Бастапқыда онлайн / офлайн қызмет жастар мен әйелдер үшін Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған " Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасының 5 бағыты бойынша көрсетілу жоспарлануда:
1. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігіне 1% жеңілдікпен кредит беру;
2. Шағын агрофермаларды ұйымдастыру үшін жер учаскелерін беру;
3. Көше саудасы объектілеріне жер учаскелерін беру;
4. Электрондық коммерцияны қаржылық ынталандыру;
5. Франшизаны қаржыландыру.
Кәсіпкерлер сондай-ақ заңгерлік, бухгалтерлік қызметтерді, бизнес-жоспарлауды, бизнесті сүйемелдеуді, "Атамекен" ӨКП қызметтерін, ХҚКО, РФ "Даму "КДҚ", кедендік қызметтерді, логистика және рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтерді, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының қызметтерін ала алады.
Ал, "E-Commerce Center" электрондық коммерция орталығы "Shymkent "ӘКК"АҚ базасында іске қосылады. Бүгінгі күні 60% - дан астам әлемдік сауда электрондық ортаға көшті және болашақта бұл сан өсетін болады. "E-Commerce Center" бұл - " Қазпочта "АҚ және "Shymkent"ӘКК" АҚ бірлескен жобасы. Мұнда кәсіпкерлер онлайн-сауда және жеткізу бойынша кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан бойынша тауарларды жеткізу бойынша шығындарды да өтей алады. Орталық ашылған күні кәсіпкерлер үшін "Интернет-дүкен: оны қалай құру және қалай дамытуға болады" деген тақырыпта семинар өтті.