Жаңалықтар
2019-04-19

"Silkway Shymkent Summit" инвестициялық-кәсіпкерлік форумы

Толық ақпарат

Керуендер қайта оралуда" деген ұранмен Silkway Shymkent Summit ауқымды инвестициялық-кәсіпкерлік форумы өтті.
Форумның ұйымдастырушылары - "Shymkent" ӘКК" АҚ және Forbes Kazakhstan. Форум Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов іс-шараны ашып, "Шымкент қаласының инвестициялық-кәсіпкерлік климаты" тақырыбында сөз сөйледі.
Форум жергілікті және шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін Шымкенттің мәртебесі мен тартымдылығын арттыратын инвестициялық және кәсіпкерлік, қаланың болашағы мен мүмкіндіктері туралы маңызды контентке толы болды.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, атақты қазақстандық кәсіпкерлер: Айдын Рахымбаев, Райымбек Баталов, Серік Түлбасов, Исламбек Салжанов, Эдуард Ким, Андрей Лаврентьев, Рамиль Мухоряпов, Иван Каменский, Қайрат Құдайберген, Бейбіт Әлібеков, Арманжан Байтасов, Ларион Лян, Дана Орманбаева, Қайрат Мәжібаев, Махмуд Шадиев және де басқа спикерлер кәсіпкерліктің келешектегі дамуы жолдарыменен Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіншіліктері жайлы талқылады.
Форумда электрондық коммерцияны дамыту, Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, Қазақстандағы орта және ірі кәсіпкерліктің өзекті мәселелері талқыланды.