Жаңалықтар
2019-04-03

Шымкентте жаңа мектеп ашылады

Толық ақпарат

Таяуда «Мирас» шағын ауданындағы Жібек Жолы көшесінде 1180 орындық жаңа мектеп ашылады. Бұл жерде бұрын саманнан жасалған ескі мектеп болған. Ол бұзылып, орны сүріліп тасталды. Осында тұратын балалар үшін жаңа мектеп салынған болатын, бірақ өзге жерде бой көтерді. Сондықтан «Мирас» тұрғындары үшін мектепке қатынау алыстау болды. Енді жағдай өзгермек - 1 қыркүйекте балалар өздеріне ыңғайлы жерде орналасқан жаңа мектепке баратын болады. Сайрамда бірнеше балабақша мен мектеп салған белгілі кәсіпкер Низамхан Сулайманов құрылыс жұмыстарын бастады. Жаңа мектептің жер учаскесін «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бөлді. Мектеп оқуға қажетті барлық құралдармен жабдықталады: онда класстар мен 400 орынға арналған асханадан басқа, жаттығу залы, гимнастика залы, шахмат кабинеті, 3 компьютерлік сынып, лингафон кабинеті және медициналық орталық болады.