Жаңалықтар
2019-04-30

«Shymkent bike» жаңа велостанциясы Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Қайнар» бизнес-орталығының жанында пайда болды

Толық ақпарат

Қазіргі уақытта бұл Асар, Тұран және салынып жатқан Шымкент сити шағын ауданының тұрғындары үшін ең жақын станция. Қалада барлығы 40 велостанция жұмыс істейді, бірақ болашақта бұл көрсеткішті арттыру жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, «Shymkent» ӘКК және «Velocity.kz» қоғамдық қоры «Shymkent bike» жобасы аясында Шымкенттің велоинфраструктурасын дамыту стратегиясын әзірлеу бойынша келісімге қол қойған болатын. Тәжірибелі мамандар қала орталығына, инфрақұрылымға және қажетті жерлерде велостанциялар мен велосипедтерді орнату мүмкіндіктеріне кешенді, жан-жақты талдау жүргізеді және велопрокат жобасын одан әрі дамыту тұжырымдамасын жасайды. Сарапшылар велосипедпен жаппай әуестену қала экологиясын жақсартады, көшелердің автокөлік жүктемесін төмендетеді, туристерді тартады және шағын бизнесті ынталандыра отырып, экономикаға оң әсер етеді деп атап өтті.