Жаңалықтар
2019-12-06

"Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Толық ақпарат

Бүгін "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Д. Қожамжарованың төрағалығымен өткен отырысқа комиссия мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «Оңтүстікавтотранс» қауымдастығының төрағасы Д. Каюпов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А. Тұрханов, "Shymkent" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Н. Өмірсерікұлы және "Shymkent BUS" АҚ директоры Е. Тоқбергенов қатысты.

Отырыс барысында 12 қалалық маршрутқа қызмет көрсететін компанияның проблемалық мәселелері айтылды. Берешектің пайда болуының негізгі себебі - бөлінген бағыттардағы жүктемелердің аздығы, бұл көрсеткіш табыстың төмендеуіне әкеледі.

Қазіргі уақытта 2019 жылдың қазан айында жалақы бойынша берешек "Shymkent BUS" ЖШС-нің қаражаты есебінен өтелді.

Алдағы 6 айда "Shymkent BUS" ЖШС-нің кассалық кемшіліктерін жабу мақсатында «Shymkent» ӘКК» АҚ 190 млн теңге сомасында несие желісін ашты.

Сондай-ақ, 2020 жылы және одан ілгері саланың үздіксіз жұмыс істеуін және жалақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету үшін "Shymkent" ӘКК жолаушыларды тасымалдауға жұмсалынатын шығындарды жабатын әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау туралы бастама көтерді.