Жаңалықтар
2019-05-14

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Майкл Джон Гиффорд алғаш рет Шымкентке келіп, "Shymkent" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барды

Толық ақпарат

Қонақтарды басқарма төрағасы Рашид Аюпов бастаған ӘКК басшылығы қарсы алды. Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және білім салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Майкл Гиффорд мырза Шымкентте Британ университетінің кампусын салу жоспары бар екенін айтты. Өз кезегінде Рашид Аюпов үшінші мегаполистің инвестициялық тартымдылығы және Шымкентті дамыту бойынша ӘКК-нің ірі жоспарлары туралы баяндады.