Жаңалықтар
2019-03-16

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин делегациямен бірге Шымкент қаласындағы бірінші акселераторына келді, оны пилоттық режимде енгізу жоспарлануда

Толық ақпарат

«Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Аюпов қонактарға осы жоба туралы айтып берді.

Сондай-ақ, акселератор қаланы дамытуда елеулі табысқа қол жеткізген Дубай қаласының (Dubai Future Accelerators), тәжірибесі бойынша құрылады. Шымкенттік акселератор - мемлекеттік және жеке сектор өкілдерін қатыстыра отырып ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуы жолымен қаладағы өзекті мәселелерді жеделдетілген тәртіпте шешеді.

Жобаның мақсатттары:

- Шымкент қаласына берілген ұлттық стратегиялық жоспарлар мен аймақтық бағдарламалар аясында қойылған міндеттердің орындалуын жеделдету;

- мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

- жұмыс орындарын құру, іскерлік ахуалды жақсарту, ШОБ дамыту.