Жаңалықтар
2019-04-01

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында

Толық ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын аралап, «Shymkent city» жаңа ауданының макетін, әуежайдың жаңа терминалын көрді. «Ескі қалашық», Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру және «Тұран» шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларымен танысты.

20,5 гектар аумақты қамтитын әкімшілік-іскерлік орталық заманауи инфрақұрылымымен, өмір сүруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді, сондай-ақ қала құрылысы мен сәулетінің қазіргі стандарттарына сай келеді. Қаланың жаңа ауданында жалпы аумағы 201,2 мың шаршы метрді қамтитын 2 990 пәтері бар 47 үй салу жоспарлануда. Shymkent city, «Ескі қалашық», Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру және «Тұран» шағын ауданының құрылыс жұмыстарымен «Shymkent» ӘКК айналысады.