Шымкент қаласының Әкімі «Тассай» индустриалды аймағының жұмысымен танысты

Шымкент қаласының Әкімі «Тассай» индустриалды аймағының жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағында болып, өнеркәсіптік аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«Тассай» – Шымкенттегі қазір жұмыс істеп тұрған 5 өнеркәсіптік аймақтың бірі. 2016 жылы негізі қаланған индустриалды аймақтың аумағы 89 гектарды құрайды. Онда бүгінде 43 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылып, кәсіпорындар жұмыс істеп тұр.

«Тассай» индустриалды аймағының аумағын инженерлік-инфрақұрылым желілерімен қамту бойынша ІІ кезеңнің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, су, электр, кәріз, газ жүйелері тартылып, жаңадан пайда болатын кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасалуда. Өндірістік кестеге сәйкес II кезеңдегі құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Қала әкімі аталған өнеркәсіптік аймаққа барып, құрылыс барысын қадағалады. Шаһар басшысы жауаптыларға инвесторлардың жер телімдерін тиімді пайдалануын қадағалауды тапсырды. Тиісті сала басшыларына жұмыс сапасына және құрылыс кезінде бұзылған жолдарды ретке келтіруге қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін «Тассай» индустриалды аймағында 6 инвестициялы жоба жүзеге асып, жаңа кәсіпорындар іске қосылады. Бұл жобалар 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!