Жаңалықтар
2020-04-16

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев "Shymkent " ӘКК" АҚ басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді

Толық ақпарат

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев "Shymkent " ӘКК" АҚ басшылығымен, сондай-ақ құрылыс компанияларының басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.


Кеңес жұмысына құрылыс басқармасының басшысы Е. Ахметов, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басшысының м.а. Б. Дүйсебеков, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы және жер қатынастары басқармасы қатысты.

Кеңес барысында ЖСҚ дайындау және жобалардың құрылыс аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкестігі, сондай-ақ болашақта салынып жатқан объектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні 44 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік форматында 6 мектеп пен 3 медициналық мекеме салынуда.

Б. Мамыталиев нысандарды тапсыру мерзімін сақтау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қажетті құжаттарды ресімдеуге байланысты жұмысты жеделдетуді тапсырды.