Жаңалықтар
2020-04-27

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов " Shymkent "ӘКК" АҚ қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Толық ақпарат

Әкім бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-офистің жұмысымен танысты. Фронт-офис қызметінің шеңберінде кәсіпкерлерге 1%- дық кредит беру бойынша рәсімдерді оңайлату қарастырылған.

М. Айтенов "Shymkent "ӘКК" АҚ жұмысымен танысып, корпорация штатын қайта құрылымдауды, сондай-ақ инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды тапсырды. Департаментке Шымкент қаласының 353 инвестициялық жоба жүргізілуге тапсырылды, осыған сәйкес қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізу және мұқият талдау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Корпорация басшылығы әкімге Шымкент қаласының урбанистиканы дамыту тұжырымдамасын ұсынды, онда қаланың инфрақұрылымымен кешенді жұмыс, қоғаммен байланыс және Шымкент қаласының даму деңгейін арттыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасау көзделеді.