Жаңалықтар
2020-02-25

​"Shymkent "ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Н. Өмірсерікұлы Өзбекстан мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының 2-ші форумына қатысты

Толық ақпарат

"Shymkent "ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Н. Өмірсерікұлы 25-26 ақпанда Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында өткен "Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы" тақырыбына Үкімет басшыларының қатысуымен Өзбекстан мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының 2-ші форумына қатысты.

Форумда Н. Өмірсерікұлы "ALLIANСЕ TEXTILE" жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы" компаниясымен және "Dentafill"компаниясымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.