Жаңалықтар
2020-03-19

Азық-түлік тауарларының бағасын тежеу шеңберінде жиналыс өтті

Толық ақпарат

"Shymkent "ӘКК" АҚ-да азық-түлік тауарларының (оның ішінде құм шекер) бағасын тежеу шеңберінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсебековтың қатысуымен жиналыс өтті.

Сондай-ақ жиналыстың жұмысына "САХАР ПРОМ" компаниясының көтерме қант жеткізушілері және бөлшек сауда желілеріне қант жеткізуді қамтамасыз ететін делдалдар және GraMad Retail, Фиркан, Magnum, Баян-сұлу, Имран және Шахан бөлшек сауда желілерінің өкілдері қатысты.

Жиналыс аясында Шымкент қаласының тұрғындары үшін қантты сатудың соңғы бағасы 195 теңгені құрайтын келісімге қол жеткізілді. "Shymkent "ӘКК" АҚ-мен одан әрі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.