Жаңалықтар
2019-04-01

«Shymkent bike» өз дамуын жалғастырады

Толық ақпарат

«Shymkent» ӘКК және «Velocity.kz» қоғамдық қоры Шымкенттің велосипед инфрақұрылымын дамыту бойынша «Shymkent bike» жобасының шеңберінде даму туралы келісімге қол қойды. Тәжірибелі мамандар қалалық көшелерін, инфрақұрылымды және қажетті жерлерде велосипедтерді орнатуға мүмкіндік беретін кешенді, жан-жақты талдау жүргізеді және велосипед жалға беру жобасын ары қарай дамыту тұжырымдамасын жасайды.

Копенгаген, Амстердам, Париж, Нью-Йорк, Монреаль және Барселона сияқты әлемдегі ең ірі және ең прогрессивті қалалар демографиялық өсуіне байланысты ұзақ уақыт бойы велосипед қозғалысын дамытты. Велосипедшілердің қозғалысы үшін қауіпсіз инфрақұрылым бар. Қазақстан бұл бастаманы - Алматы, Астана және Шымкент қалалары көтерді. Сарапшылардың пікірінше, велосипедтер қала экологиясын жақсартады, көшедегі трафикті азайтады, туристерді тартады және шағын бизнесті ынталандыратын экономикаға оң әсер етеді. Еске салайық, «Shymkent bike» жүйесі 2016 жылы жұмыс істей бастады. Қалада 40 велосипед станциясы бар.