Жаңалықтар
2018-09-29

Елбасы жұмыс сапармен Шымкент қаласына келді

Толық ақпарат

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Шымкент» ӘКК төрағасы Рашид Аюпов үшінші мегаполисті цифрландыру жобалары туралы баяндады.

Орталық қала тұрғындарымен қатар шетелдік инвесторлар үшін де цифрлық форматта мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған. Мемлекет басшысына экономиканың түрлі секторларын, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік және қауіпсіздік салаларын цифрландыру жобаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды.