Жаңалықтар
2020-03-14

​Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, "Shymkent "ӘКК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мақсұт Исахов "Shymkent "ӘКК" жұмысымен танысты.

Толық ақпарат


Кездесуге кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы С. Компаниец және ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбек қатысты.

Кездесу барысында Мақсұт Исахов "Shymkent" ӘКК " АҚ ұжымымен танысты. Басқарма төрағасы Н. Өмірсерікұлы корпорацияның ағымдағы қызметі туралы айтып, инвесторларды тарту және кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй құрылысы, ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша және іске асырылып жатқан мен жоспарланып отырған жобалар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, әкімнің орынбасары Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты, оның артықшылықтары жобалар мен міндеттерді басқару, мобильді кеңсе және жобаға бағдар беру болып табылады.

Мақсұт Исахов "Shymkent" ӘКК " АҚ-ның қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының ірі жобаларын және инвестициялық тартымдылығын жүзеге асырудағы қызметінің маңыздылығын атап өтіп, барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.