Жаңалықтар
2019-05-20

Сингапурлық инвесторлар Шымкент ситиде білім кластерін салады

Толық ақпарат

Сингапурдан келген KinderWorld білім беру тобы "Шымкент сити" шағынауданында балабақша, мектеп пен білім метрополисінен тұратын білім беру кластерін салуды жоспарлап отыр. Жобаның сүйемелдеуімен "Kazakh invest" АҚ айналысады, ал серіктес ретінде жер телімін ұсынатын "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. ӘКК басқармасының төрағасы Рашид Аюпов XII-ші Астана экономикалық форумына қатысып, KinderWorld International Group Ltd компаниясының Басқарма Төрағасы Рики Тэнмен кездесіп, жаңа жобаны талқылады. Кластер үшін 25 га жер бөлінеді. "Біз бұрыннан-ақ Шымкент қаласында танымал шетелдік мектептер мен университеттердің филиалдарын ашу үшін шетелдік инвесторларды білім беру саласына тартқымыз келетін. Жаңа кластерде, мектепте де, университетте де алынған академиялық білім Кембридждік мектеп білімі туралы Халықаралық жалпы аттестатты қоса алғанда, бағалаудың халықаралық өлшемдеріне сәйкес келетін болады. Біз жер учаскесін анықтадық, жақын арада ЖСҚ әзірлеу басталады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі-3 жыл, ал жалпы құны – шамамен 20 млн доллар, бұл сома өсуі мүмкін", - деді Р. Аюпов.

Kinder World білім беру тобы 1986 жылы Сингапурда құрылды, бүгінгі таңда Вьетнам, Малайзия және Тайландта 20 кампусы жұмыс істейді.