Жаңалықтар
2019-06-03

"Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы екінші рет балалар бизнес-жәрмеңкесін өткізді

Толық ақпарат

Оған 6 жастан 14 жасқа дейінгі 90 бала қатысып, шараға 3000-ға жуық қала тұрғыны келді. Балалар жәрмеңкеге өз қолдарымен дайындаған тауарлар мен бұйымдарын әкеліп, өздері сатты. Осылайша, олар бір күнге бизнесмен болды.
Мұндай жәрмеңкелер әлемнің 100-ден астам елінде өткізіледі. Оларға қатысу көшбасшылық, дербестік, тіл табыса білу және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Жәрмеңкеге дайындық кезінде балалар "Shymkent"ӘКК қолдауымен оқыту тренингінен өтті. Түскен қаржының пайызы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта робототехника кабинетін жабдықтау жөніндегі жобаны қаржыландыруға жұмсалады.