Жаңалықтар
2019-04-12

​Шымкентке 300 жаңа автобустар келеді

Толық ақпарат

Мамыр айында 35 жаңа автобус әкелу жоспарлануда. Қалғандары маусым айының соңына дейін жеткізіледі. Автобус паркін жаңартумен "Shymkent" ӘКК айналысады, оның өкілдері Хэфэй қаласындағы Қытайда өндіруші зауытта болып, жасалу және жөнелту процесін жеке өзі бақылайды.
Автобустарға арналған комплектілер Қытайда дайындалады, ал құрастыруды Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында жасайды. "Биылғы жылы Шымкент жолдарында 300 жаңа автобус жүреді. Өндіріс процесі соңғы сатыда емес. Жаңа автобустар өсіп келе жатқан қалалық траффикті "жеңілдетуге" көмектеседі. Олар мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен арбадағы балаларға арналған пандустармен, жолаушылар ағынын есепке алу жүйелерімен, қолма-қол ақшасыз төлемдермен, LED-экрандармен жабдықталады. Бірінші партия 2019 жылдың мамыр айында Шымкентке келеді деп жоспарлануда" – деді "Shymkent "ӘКК" АҚ департаментінің директоры Қадыржан Әбілов.
Автобустар катафорезді қолдану арқылы шанақты коррозияға қарсы өңдеуді қоса алғанда, автокөлікке қойылатын барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға сәйкес келеді. Жолаушылардың жалпы сыйымдылығы 56 адам, автобус ұзындығы 8,5 метр. Қосымша жайлылық пен қауіпсіздікті кондиционер, бейнебақылау жүйелері, сондай - ақ салондағы жолаушыларға дыбыстық хабарлау жүйесімен қамтамасыз етеді.
Қазір қалада 26 көлік компаниясы жұмыс істейді. Күн сайын маршруттарға 1200 автобус пен шағын автобус шығады, ал автопарктер қызметін 500 мыңнан астам жолаушы пайдаланады.