Жаңалықтар
2019-02-06

Шымкентте жаңа «Shymkent Business School» мектебі ашылды

Толық ақпарат

Жобаның ұйымдастырушылары: «Shymkent» ӘКК» АҚ, Silkway университеті және UX group компаниясы. Бұл стартап-мектеп болашақ кәсіпкерлерге және бизнесмендерге арналған. Аталған мектепке өз тағдырын бизнеспен байланыстырғысы келетін жоғары оқу орындарының студенттері, университеттің түлектері, яғни 18-ден 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Оқыту тегін! Оқу мерзімі -15 күн (әр модуль үшін 5 күн). Түлектердің ең үздік бизнес-идеяларын «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы қаржыландыру қарастырылған.