Жаңалықтар
2018-09-19

Шымкентте «Shymkent» жаңа әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ашылды

Толық ақпарат

Корпорация инвестицияларды тарту, бизнесті дамытуға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған.

«Shymkent» ӘКК АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен, ӘКК-ның төрағасы болып Рашид Абатуллаұлы Аюпов тағайындалды. Рашид Аюпов – 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген, мамандығы бойынша – заңгер. Лондон университетінде «Болашақ» бағдарламасымен мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. Астана және Шымкент қаласында «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараттандыру және тестілеу орталықтарының» директор орынбасары, директоры болып қызмет жасаған. 2009-2015 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, кейіннен 2015-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған. 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың шілдесіне дейін ҚР Үкіметінде «Нұр Отан» партиясының өкілі, содан кейін «Нұр Отан» партиясының Ақпараттық-технологиялық орталығының басшысы болып қызмет атқарған. 2018 жылдың шілде айынан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болды.