I кезеңде Әлеуетті инвестор
1-Қосымшаға және
2-Қосымшаға сәйкес келесі құжаттарды толтырып ұсыну жолымен одан әрі іске асыру үшін инвестициялық ұсыныс енгізеді:
1. Әлеуетті инвестордың бірлескен инвестициялық Жобаны қарауға Басқарма Төрағасының атына берген өтінімі (заңды тұлғаның фирмалық мөрімен және бірінші басшысының қолымен бекітілген ресми бланкісінде);
2. Жобаға өтініш берушінің сауалнамасы;
3. Инвестициялық ұсыныстың таныстырылымы (презентация);
4. Қажетті ақша қаражаттарының болуын растайтын, Әлеуетті инвестордың немесе ҚР Екінші деңгейдегі банктеріндегі ашық кредит желісінің есеп айырысу шоттарында ақша қаражатының бар екенін не үшінші тұлғалардың кепілдігін растау, немесе төлем қабілеттілігін растайтын басқа да құжаттар:
- 300 млн теңгеге дейінгі инвестициялық ұсынысты іске асыру құнының кемінде 20%;
- 300 млн теңгеге дейінгі инвестициялық ұсынысты іске асыру құнының кемінде 20%;
- 1 млрд теңгеден астам инвестициялық ұсынысты іске асыру құнының кемінде 5%;
- 2 млрд теңгеден астам инвестициялық ұсынысты іске асыру құнының кемінде 1%;
1. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы;
2. Жер учаскесінің жеке меншік құқығы.
Әлеуетті инвестордан ұсынылған құжаттардың негізінде Инвестициялар департаменті Басқарманың қарауына Инвестициялық жоба статусын беру бойынша құжаттарды дайындайды.
I кезеңде оң шешім қабылданған жағдайда, "Shymkent" ӘКК " АҚ Әлеуетті инвестормен Бірлескен қызмет туралы алдын ала шарт жасасады, онда әлеуетті инвестор инвестициялық жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті құжаттарды II кезеңге беруге міндеттенеді, II кезеңге құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Әлеуетті инвестор "Shymkent "ӘКК" АҚ-ның жер учаскесін ресімдеуге жұмсаған барлық шығындарын өтеуге міндеттенеді.
Инвестициялық жоба статусын беру туралы Басқарма шешімінің Хаттамасынан көшірме және қол қойылған Бірлескен қызмет туралы алдын ала шарт негізінде Инвестициялар департаменті Қоғамның атына тиісті жер учаскесін бөлу мүмкіндігі туралы ЖАО-ға ресми хат жібереді.
Жер учаскесіне тиісті құқықтар рәсімделгеннен кейін Әлеуетті инвестор төмендегі құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды II кезеңге ұсынады:
1) Құрылтай құжаттары (Жарғы, атқарушы органды тағайындау туралы бұйрық, жеке куәліктің көшірмесі, болған жағдайда құрылтай шарты);
2) Жобаның эскизі;
3) Бизнес-жоспар;
4) Соңғы үш жылдағы 1, 2, 3 бекітілген нысандар бойынша қаржылық есептілік (Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына сәйкес).
II кезеңде жоба мақұлданған жағдайда, әлеуетті инвестор ұсынатын инвестициялық ұсынысты қараудың нәтижесі инвестициялық жобаны іске асыру үшін Бірлескен қызмет туралы тиісті шарт жасасу жолымен осы жобаны іске асыру туралы Басқарманың оң шешімі болып табылады.