"Ғылым және өндіріс кооперациясы – өңірді инновациялық дамыту жолдары" форумы

“Ғылым және өндіріс кооперациясы – өңірді инновациялық дамыту жолдары” форумы

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Ғылым және өндіріс кооперациясы – өңірдің инновациялық даму жолы» тақырыбында форум өтті. Форумға университетіміздің басқарма төрағасы – Ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы, «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы Илимбаев Расул Русланович, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы және университетіміздің ғалымдары қатысты. Алғы сөзді Дария Пернешқызы алып, университетіміздің зерттеу университетіне транфсормациялау жолында ғылым үлкен көңіл бөлініп жатқандығын және соңғы халықаралық рейтингтердің қорытындысына сәйкес М.Әуезов атындағы ОҚУ өз көрсеткішін 43 орынға жақсыртып, 443 орынды еншіледі.
Илимбаев Расул Русланович өз сөзін университетіміздің оқытушы-профессор құрамын 80-жылдық мерейтоймен құттықтаудан бастады.
Университет пен «Shymkent» ӘКК АҚ-ның металдарды өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын әзірлеу және тамақ, тоқыма индустриясын дамыту саласында өндірісті біріктіре жолға қоюға болатынын атап өтті.
Форум барысында университет ғалымдары сүт өнімдерін өндіру, импортты алмастыратын тауарлар және т.с. инвестициялық идеялары туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ, Әбунасыр Шарифуллаұлы Жанбатыров, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының университетпен 161,1 млн теңге қаржыға 7 жобасы бар екенін және ол басқарманың біздің университетпен ынтымақтастығын одан әрі дамытуды жоспарлап отырғанын айтып өтті.
Форум соңында біздің университет пен «Shymkent» ӘКК АҚ арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!