ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШҚЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

ШЫМКЕНТТЕ МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТР АЛҒАШҚЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Бірінші кезекте, қала басшысы “Shymkent” ӘКК АҚ қаржыландыратын “7-20-25” бағдарламасы аясында салынып жатқан “Асар-2” шағын ауданындағы 10 тұрғын үйді және Тұран шағын ауданындағы 2 көп қабатты тұрғын үйді аралап көрді.

Мұрат Дүйсенбекұлы мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан “Шымкент Сити” және “Тұран”шағын аудандарындағы үйлерге де барды. Қала басшысы мердігерлерге құрылыс жұмыстарын жандандырып, отандық материалдарды пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар, әкім тиісті сала басшыларына инфрақұрылым мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

Жалпы, мегаполисте биыл “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы және “7-20-25” бағдарламасы аясында барлық қаражат көздері есебінен 13 636 пәтерлік 252 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 78 тұрғын үйдің құрылысы бюджет есебінен жүргізілуде, 48 үй “Shymkent” ӘКК” АҚ және 126 үй-жеке құрылыс салушылар.
Ағымдағы жылы 136 көпқабатты тұрғын үй немесе 7560 пәтер пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі