Президент Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Президент Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің бірнеше аймағында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 10 қаңтарын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылдады.

Террорлық актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы” Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтарда қол қойған болатын.

Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту жариялансын“, – делінген жарлықта.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!