26-28 қыркүйек аралығында "Көрме орталығында"көрме өтеді

26-28 қыркүйек аралығында “Көрме орталығында”көрме өтеді

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

▪ 2022 жылдың 26-28 қыркүйек күндері аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көрме орталығында» «ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ-2022» атты тауар өндірушілер көрмесі өтеді.

▪ Көрменің басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасау.

▪ Көрмеге: тоқыма, фармацевтика, машина жасау, жиһаз, химия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдері қойылады.

▪ Көрмеге әлеуетті тұтынушылар: мердігер құрылыс компаниялар және жобалау ұйымдары, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары шақырылды.

▪ Көрмеге қатысып, отандық өнімдерді өндірушінің бағасымен сатып алу мүмкіндік жіберіп алмаңыз, олар: – макарон және кондитерлік өнімдер; – алкогольсіз сусындар; – кілемдер мен кілем бұйымдары; – тігін-шұлық бұйымдары және төсек-орын жабдықтары; – үйге және кеңсеге арналған жиһаздар; – құрылыс материалдары және фармацевтикалық бұйымдар.

Маңызды оқиғаны жіберіп алмаңыз!

26-28 қыркүйек. Шымкент қаласы, «Көрме орталығы».

Ваша заявка отправлена. Спасибо!