Қала күні қарсаңында өндіріс ашылды

Қала күні қарсаңында өндіріс ашылды

Бүгін” Оңтүстік “арнайы экономикалық аймағында қала күнін мерекелеу қарсаңында синтепон мен көрпе шығаратын “ARNATEX” өндірісінің ашылуы өтті. Фабриканың ашылу салтанатына Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы қатысты. Өз сөзінде ол кәсіпорын қызметкерлерін ашылуымен құттықтап, оларға жұмыста үлкен табыс тіледі. Жаңадан ашылған “ARNATEX” фабрикасын іске асыруға салынған инвестициялар көлемі 150 млн. теңге. Өндірісте 10 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорынның жылдық қуаты 220 тонна дайын өнімді құрайды.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!