Ready4Trade Орталық Азия жобасы аясында іс-шара өтті

Ready4Trade Орталық Азия жобасы аясында іс-шара өтті

2022 жылғы 7 шілдеде Шымкент қаласында Ready4Trade Орталық Азия жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жанындағы “QazTrade “Сауда саясатын дамыту орталығы” АҚ-мен ынтымақтастықта халықаралық сауда орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Іс-шара Қазақстанның сауда порталының тұсаукесеріне арналды. Портал 50-ден астам сауда топтары бойынша экспорт пен импорттың қадамдық рәсімдерін егжей-тегжейлі сипаттайды. Бұл бастама сауда рәсімдерін оңайлатады және Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық қызметті неғұрлым тиімді басқаруға жәрдемдеседі. Порталдың арқасында шағын және орта бизнес үшін сауда операцияларының ашықтығы мен қолжетімділігі артады. Порталдың мекен-жайы: tradeinfo.kz Ready4rade Орталық Азия жобасын Халықаралық сауда орталығы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырады. Осындай сауда порталдары Қырғызстан мен Тәжікстанда да жұмыс істейді.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!