Шымкент қаласы делегациясының Түркиядағы кездесуі

Шымкент қаласы делегациясының Түркиядағы кездесуі

Түрік Республикасына сапары аясында Шымкент қаласы делегациясының “Гебзе” индустриялық аймағы (Cтамбул қаласы) директорының орынбасары Хюлия Кайнак ханыммен кездесуі өтті. Индустриялық аймақ 1986 жылы құрылған. Түрік тарапы қонақтарды 516 гектар жерге өнеркәсіптің түрлі секторларындағы 177 кәсіпорын орналасқан “Гебзе” индустриялық аймағын ұйымдастыру тәжірибесімен таныстырды. Аталған индустриялық аймақтың танымал қатысушыларының қатарында LG, Siemens, Colgate, Avon, Weber және Franke өндірістері бар. Хюлия Кайнак индустриалды аймақта бос жер учаскелері жоқ екенін атап өтті. Өз кезегінде, “Shymkent” ӘКК ” АҚ инвестицияларды тарту департаментінің директоры Хюлия Кайнак ханымға Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Одан әрі делегация TAYAS gida кондитерлік өнімдерін шығаратын фабрикаға барды. Компания 1965 жылы құрылған, ал қазір өз өнімінің 95% – ын әлемнің 136 еліне экспорттайды. Компания Қазақстанды ЕАЭО елдерінің нарығына қолжетімділікке байланысты инвестициялаудың басым нүктесі ретінде қарастырады. Қазақстандық тарап әлеуетті инвесторларды жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді. Түрік тарапынан оң шешім қабылданған жағдайда, компания 30-50 млн.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!