«Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қоры

«Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қоры

Басқарма отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №04/20 шешімімен "Shymkent "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ "Шымкент – қайырымды қала" корпоративтік әлеуметтік даму қорын құрды және Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда тіркелді.

Миссиясы:

Қаланың тұрақты дамуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

КӘДҚ «ШЫМКЕНТ – Қайрымды қала» міндеттері

Басқарма отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №04/20 шешімімен "Shymkent "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ "Шымкент – қайырымды қала" корпоративтік әлеуметтік даму қорын құрды және Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда тіркелді.

ҚОР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ

• Білім беру саласындағы жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда: мектепке дейінгі мекемелерді (балабақшаларды), мектептерді, кәсіптік техникалық мектептерді/училищелерді салу және/немесе реконструкциялау, оның ішінде жаңғырту;
• Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда: санаторий-курорттық мекемелерді, диагностикалық және оңалту орталықтарын салу және/немесе реконструкциялау, оның ішінде жаңғырту;
• Жобаларды қаржыландыру немесе өзге де жолмен дамуға жәрдемдесу, оның ішінде мәдениет, спорт және әлеуметтік маңызы бар объектілерді салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру арқылы;
• Демеушілік, қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;
• Жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

ТҮСУ КӨЗДЕРІ

Коммерциялық емес ұйымның мүлкін заң актілеріне сәйкес ақшалай және өзге де нысандарда қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
• құрылтайшыдан түсімдер;
• ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
• заңнамада белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түсетін түсімдер (кіріс);
• акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
• заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер;

“Шымкент – қайырымды қала" корпоративтік әлеуметтік даму қорының мақсаттары

  • ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ, ҒЫЛЫМИ, СПОРТТЫҚ, БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
  • АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
  • БАСҚА ДА ҚОҒАМДЫҚ ПАЙДАЛЫ МАҚСАТТАР
Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!