Жалпы мәліметтер

Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest

2020 жылы 11 133 кәсіпкер өтініш білдірді.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 246-бабының 10-тармағын, “Инвесторлар үшін “бір ерезені” ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 585 қаулысын, ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін "бизнеске арналған үкімет" сервисін іске қосу туралы тапсырмасын орындау үшін Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №706 "инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымды айқындау туралы" қаулысы қабылданып, өңірлік деңгейде инвесторлар мен кәсіпкерлерге көретілетін мемлекеттік және өзге де қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы Шымкент қаласының инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында 2020 жылғы мамыр айында "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы " АҚ-ң базасында “Бизнеске арналған үкімет -SHYMKENT INVEST" инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған Фронт офисі құрылды.

Жобаның мақсаты:

Шымкент қаласының инвесторлары мен кәсіпкерлеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

  • "Бір терезе" қағидаты
  • Инвестициялық ахуалды жақсарту
  • Инвесторлардың жобаларын тарту, сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тиімділігін арттыру
  • Әкімшілік кедергілерді төмендету
  • Кәсіпкерлер үшін қызмет көрсету

“Бір терезе” қағидатымен ИНВЕСТОРЛАР МЕН
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ қызмет көрсету

"Shymkent" ӘКК" АҚ

Кеңес беру/сүйемелдеу/мониторинг:
  • Инвесторлар мен инвестициялық жобалар бойынша;
  • 1% жеңілдікпен несиелендіру бойынша;
  • Көше саудасына арналған сауда нүктелері бойынша;
  • Маркетингтік қызметтері бойынша.

Кәсіпкерлер палатасы:

  • Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру;
  • Жобаларды қаржыландыруға дейін сүйемелдеу;
  • Бухгалтерлік сүйемелдеу және салықтық есепке алу;
  • Заңгерлік қызметтер, бизнесті қорғау;
  • Бизнес жоспарларын жасау;
  • Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ:

  • Кепіл берушінің кепіл мүлікіне кепілдік ету;
  • Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

Кәсіпкерлік және ИИ даму басқармасы, АБ, Сәулет, қала құрылысы және ЖКБ, МКК, Көші-қон комитеті:

  • Мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру.

ХҚКО:

  • Мемлекеттік және өзге де қызметтерді электронды түрде көрсету.

Казпочта АҚ:

  • Касса және пошта бөлімшесінің қызметтері;
  • Электрондық коммерцияға кәсіпкерлерді оқыту.

Біздің серіктестер

Байланыстар

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Северо-Восток ш /а (Ерімбетов көшесі), 304г,
    "Заңғар" бизнес орталығы ("Арна" бизнес орталығының жанында), 1 қабат.
  • shymkentinvest@gmail.com
  • +7 (7252) 39 77 11
    Жұмыс Кестесі
  • Дүйсенбі - Жұма
  • 9:00 - 19:00