Шымкентте инвестиция көлемі 14 пайызға артты
- Категории: Новости
- Дата: 5 сентября 2024
🔷2024 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 324.7 млрд теңге тартылды. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты. Жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткішті былтырғы жылмен салыстырғанда 28,1%-ға арттыру күтілуде. Жалпы алдағы 3 жылда 3,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Мәселен, 2024 жылы – 928,7 млрд теңге, 2025 жылы – 1 194,8 млрд теңге, 2026 жылы – 1 493,5 млрд теңге.
🔷 Сонымен қатар, 2024-2028 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 2,7 трлн теңгені құрайтын 29,4 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 220 инвестициялық жобаның пулы жасақталған.Биыл жалпы құны 261,8 млрд теңгені құрайтын, 6336 жаңа жұмыс орнын құрумен 64 жобаның іске асырылуы жоспарлануда.
🔷 Сондай-ақ, қала аумағында жалпы аумағы 1 307 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Аймақтарда, бүгінгі таңға 230 млрд теңгені құрайтын 8 мың жаңа жұмыс орнымен 289 жоба іске асырылды. Индустриялық аймақтарда инвесторларға ұзақ уақытқа жалға алу негізінде инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері ұсынылады. Кәсіпорындар коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтерді пайдаланады және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған.