Шымкентте ренновация бағдарламасы аясында алғашқы үйдің сүрілу жұмыстары басталды

Шымкентте ренновация бағдарламасы аясында алғашқы үйдің сүрілу жұмыстары басталды

  • Категории:  Новости
  • Дата:  11 сентября 2023

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында 2029 жылға дейін тозығы жеткен 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу және үй иелеріне жаңа пәтерлерді табыстау тапсырылған.
Осыған орай Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы енгізілген.

Реновация – тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүріп, орнына жаңа тұрғын үй салу бағдарламасы. Қала бойынша 100 -ге жуық тұрғын үй ұсынылған. Тұрғын үйді бұзбас бұрын алдымен міндетті түрде тұрғындардың келісімі алынады. Тұрғындардың толық келісімін алған жағдайда ғана тұрғын үй сүріледі.
Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласы әкімдігінің жетекшілігімен тозығы жеткен үйлерге реновация бағдарламасы бастау алған болатын.

Аталған бағдарлама аясында Еңбекші ауданындағы Безделев көшесі 72А мекенжайда орналасқан 8 пәтерлі қос қабатты ескі тұрғын үйдің орнына 7 қабатты заманауи үлгідегі 36 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда. Қазіргі таңда ескі үйдің сүрілу жұмыстары қарқын алды.
Айта кетсек, бұл жоба Шымкент ӘКК сүйемелдеуімен жүргізіліп, толығымен инвестор тарапынан қаржыландырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ваша заявка отправлена. Спасибо!