Шымкентте сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт салынуда

Шымкентте сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт салынуда

  • Категории:  Новости
  • Дата:  16 августа 2023

🔷 Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында тұрмысқа қажетті ылғалды сүрткіштер, сұйық сабындар, сондай-ақ антисептик секілді тазалағыш құралдарын шығаратын зауыт құрылысы жүріп жатыр.
Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, аталған жоба бастапқыдан баспалдақтан маңызды сатыға өтті.

🔷 Зауыт жоспарға сай биыл іске қосылып, 40 адам жұмыспен қамтылатын болады. Айта кетейік, кәсіпорын қуаттылығы жағынан жылына 6 000 тонна ылғалды майлықтар, 500 тонна антисептик, 3 000 тонна сұйық сабын, 6 000 тонна қатты сабын өндіруге қауқарлы.
Тұрмысқа қолданатын тазалық бұйымдарын шығаратын бұл жобаның құны 4 900 миллион теңгені құрайды.

🔷 Бүгінде зауыттың іргесі мен қаңқасын тұрғызуға «Тассай» индустриалды аймағынан арнайы 0,8 гектар жер бөлініп, инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде нарықта отандық тауар өндірісінің көлемі ұлғаятын болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ваша заявка отправлена. Спасибо!